Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарының ұйымдастырылуы
АНЫҚТАМА
Мақсаты: Мектептің 1-4сынып оқушылары мен 5-11 сынып аралығындағы аз қамтылған оқушыларды ыстық тамақпен қамту.
Мерзімі:02.09-2021ж
Комиссия құрамы: Мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасар, қамқоршылық кеңесінің төреағасы, мектеп медбикесі, әлеуметтік педагог, шаруашлық ісі жөніндегі меңгерушісі.
Әдістер: Ыстық және буфеттік тамақтардың сапасын тексеру,бақылау, қадағалаймын.
Ыстық тамақ кестеге сай беріледі.
Негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға бір мезгілгі ыстық тамақпен қамту
- Мектепте тамақтану жүйесін ұйымдастыру мен мектеп асханасының оқушыларды тамақтандыру сапасын бағалау.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 46-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілген.
Білім беру ұйымдарында күшейтілген санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тамақтану орындарын дайындау, кәсіпкерлермен жүргізілген оқушыларды тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру шараларын алдын алуды тапсырылды.
Осыған орай «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазанындағы №598 бұйрығы негізінде жасақталды.
Мектептің бастауыш сынып оқушыларының 2021 жылдың 2-ші қыркүйектен бастап бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Мектептің 1-4 сынып оқушылары мен 5-11 сынып аралығындағы әлеуметтік аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасы оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін тізім жасақталды.
Биылғы 2021-2022 оқу жылында жалпы мектебімізде 1720 оқушы білім алуда. Оның ішінде мектебімізде 3 оқушы қорғаншылықта, 10 аз қамтылған, 10 толық емес, 35 көп балалы отбасы балалары білім алуда. 1-4 сыныпта 826 оқушы. Қыркүйек айының 2ші-нен бастап 1-4 сыныптағы 826 оқушы бір мезгілгі ыстық тамақпен қамтылды. 5-11 сыныптардан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда 17 бала бір мезгілгі ыстық тамақпен қамтылды. Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес отбасы, әлеуметтік тұрмысы төмен, көп балалы отбасы балалары да ата-ананың өтініші бойынша мектеп асханасынан бір мезгілгі ыстық тамақпен қамтылды.
Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Сондықтан, мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары тамақтандырылады. Мектеп бойынша тегін тамақтандырумен 843 бала қамтылған. Бір мезгілдік ыстық тамақ құны 200 теңгені құрайды.
Жоғарыда айтылғандар бойынша мектеп оқушылар жоспарға сай күнделікті ас мәзірі және кесте бойынша тамақтанады.