Тақырыбы: Қауіпсіз балалар әлемі
№ 2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектебінде 18 ші қазан күні 10 және 11 сынып оқушылары арасында Жасөспірімдер арасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз балалар әлемі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Зорлық-зомбылықтың әлеуметтік психологиялық табиғатын айқындау арқылы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы психолог жұмысының ерекшеліктерін анықтау.
Оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету және жыныстық тәрбие беруде жағымсыз әрекеттерден сақтандыру;
Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселелерінің ерекшеліктерімен таныстыру;
Балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарын алдын алуда психологтың атқаратын жұмыс түрлерін анықтау.
Дөңгелек үстел оқушылармен танысу тренингі арқылы басталды. Психолог Айгерім Темірханқызы зорлық зомбылықтың түрлерімен оқушыларды таныстырып, әрқайсысына жеке жеке тоқталып өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, тақырыпты толық аша білді. Зорлық зомбылық тақырыбы бойынша видео ролик көрсетіліп, оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы мазмұны бойынша талдау жасады. Топтық жұмыс жүргізілді. Әлеуметтік педагог Құралай Ғарифоллақызы, тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Ару Аманғалиева және педагог ұйымдастырушы Айбек Сираш зорлық зомбылықтың алдын алу жәнеде жасөспірімдерге қандай ережелерді сақтау керек екенін түсіндірді.
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | Zhadynama |