13 Сәу 2021
Материал Нажмиденов

Мектеп тарихы

Жұмекен Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебі

Мектеп Жасқайрат құмының етегіндегі Жаргон деген жерде 1932 жылы бастауыш мектеп болып ашылған. Алғашқы ұстаз әрі меңгеруші болып Ризуан Кенжеев жұмыс жасаған. Бала саны өсуіне байланысты ол 1933 жылы 7 жылдық оқу орыны болып қайта құрылды. Директор болып Есенғұл Ғұмаров,  мұғалімдер Қабдрахим Құралин, Лут Исағалиев, Ризуан Кенжеев және басқалары еңбек етті. Ұлы Отан соғысы алдында мектеп 1940 жылы Қызылобаға көшірілді. Сол жылдары және 40 жылдардың аяғында мектепте Төлеген Қайырмеденов, Сәлима Қайырмеденова, Қабдрахим Нұралин, Қисамеден Қайырмеденов, Зәмзәм Нұрмағанбетова, Мәуия Серікқалиева, Рахмет Хапизов, Қуандық Нұрмұхамбетов, Жаннат Нәсипова, Рафиха Нәсенова, Сайн Қойбағаров т.б ұстаздар сабақ берді. Соғыстың соңында мектеп Сасықтаудағы Лаубайға көшірілді. Сол кезде 1957 жылға дейін Маленков бастауыш мектебі болды.

1958 жылы мектеп қайтадан Қызылобаға көшірілді. Мұнда Жұмағазы Сналбеков, Какима Елеуова, Қайырболат Нүпқалиев, Телжан Шаяхметов, Қожан Қабдиев, Қибадат Шайхимова, Ғапура Шайхимовалар жемісті еңбек етіп, жас ұрпақтан тәрбиелеуге жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Мектепке 1990 жылы ақпанда ақиық ақын,мемлекеттік гимн авторларының бірі мектепте 1945 – 1951 жылдары оқыған Жұмекен Нәжімеденовтың есімі беріліп 2000 жылы ол орта мектепке, 2015 жылы қайтадан негізгі орта мектепке айналды.

Қазіргі кезде  Руслан Хасантаев, Жанар Сналбекова, Алмагүл Сабырова, Сандуғаш Мадиева, Маржангүл Ишаханова, Райхан Есбергенова,Мейрамгүл Теңелбаева, Надежда Кулбаева,педагогикалық оқуларда, пәндік байқауларда, ауданда топ жарып, жеңімпаз жүлдегерлер санынан көрінуде.

Мектеп сапалы білім берумен қатар оның материалдық – техникалық базамен нығайтуға,  есеп-қисап пен  тазалық сақтауда нәтежелі еңбектерімен еленген Ғалия Ғалиденова,  Гүлжамал Есенбаева, Ира Қоданова,  Райхан Қуанова, Асқар Өтешов, Нұрғаным Қибашева, Сапидолла Зинуллин және басқаларын атауға болады.

Оқушылар арасында үздік оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан пән олимпиадаларында, өнер, спорт сайыстарында жүлделі орындарды иеленіп жүрген Жұматов Арсен, Әміржанова Әсел, Жұматов Ерсұлтан, Қазимова Раушан, Исаев Фархад,Амангельдықызы Әсем, Ғалымжанова Айкөркем,Нұрлыбаева Асылай,Зулфухаров Бекнур, Ибрагим Хасантаев  және басқалары – мектептің мақтаныштары.

Сол сияқты мектеп әр жылдары үздік куәлікпен аяқтап , жақсы оқыған  Ғилман Тайпешов, Байбол Қасымов, Светлана Шаяхметова, Гүлсәм Шаяхметова,Людмила Жұмағазиева, Аслан Қапшаев, Самат Қомпиев, Ардақ Оңғаралиева, Маншүк Ибрашева, Сағынгүл Сейітовалар, Қуантай Зұлпыхаров, Айгерім Жақсылықова есімдері мектеп тарихына алтын әріппен жазылды.

Мектеп түлектерінің ішінде танымал атақты ақын Жұмекен Нәжімеденов,сыншы, ғалым Зинолла Серікқалиев, химия ғылымының докторы, профессор Есенғали Шайхимов, тарих ғылымының докторы, профессор Амангелді Шамғонов, жазушы, академик Өтепберген Әлімгереев есімдері  құрметпен аталады.

Әр жылдары еңбек еткен Сналбеков Жұмағазы бірнеше орден медальдардың иегері болса, Салима Қайырмеденова, Қайырболат Нұпқалиев ,Барис Шеркешбаев медальдармен Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі төсбелгісі ,Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі атағымен, министрліктің Құрмет Грамотасымен марапатталғандар қатарында.

Мектеп директорлары болып Есенғұл Ғұмаровтан кейін Қуандық Нұрмұхамбетов. Дініш Жолмұханов, Бекмырза Байболин, Әбдірахман  Әбішов, Өтепқали Сидеғалиев, Ғайниден Әленов, Зинелғабиден Махмудов, Салауат Ханафин ,Жұмағазы Сналбеков, Настя Ғұмарова, Қайырболат Нүпқалиев, Борис Шеркешбаев, Сайфеден Жанесов, Данияр Шайхимов және басқалары еңбек етті.

Қазір мектеп басшысы 2015 жылдан бастап Хасантаев Руслан Амангелдыұлы. 2017 жылдан бастап 80 орындық типтік үлгідегі мектеп құрылысы басталды.