Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар:
Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
- Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка).
Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
- Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.
- Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен ( кроссовки, кеды) тұрады.
- Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.- Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін ( белгілер, тігіспелер жәнет.б) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың ( пиджак, жилет, галстук) жоғары бөлігінде орналасады.
- Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.
- Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.
«Білім туралы» 2007 жылы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының 5-бабының 14-1 тармақшасына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 және жалпы білім беретін № 2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектептің 2017 жылдың 12 мамырдағы ата-аналар жиналысының қаулысына сәйкес мектеп формасының мектепішілік
Ережесі
Ұл балалар үшін бірыңғай мектеп формасы:
1. Классикалық ақ жейде
2. Классикалық қара шалбар, ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады
Қыз балалар үшін бірыңғай мектеп формасы:
- Классикалық ақ жейде
- Классикалық қара белдемше тізеден 2 см төмен және ақ, көк бантик
https://sh2-atr.edu.kz/biz-tyrali-2-mektep/forma-2-mektep.html#sigFreeId58292574c9