15 Ақп 2022
Сыбайлас жемқорлыққа

Сыбайлас жемқорлық 2022

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Осыған байланысты №2 Жұмекен Нәжімеденов атындағы орта мектебінде 9 сынып оқушылары арасында Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу,білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Оқушылар аталған сынып сағатында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу,болдырмау жөнінде көптеген мағлұматтар алып, сыбайлас жемқорлық бойынша көптеген заңдарды, Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі,Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу,егреде осындай жағдайлар болған жағдайда кімге? қайда? хабарласу керектігі бойынша көптеген мәліметтер алды.