18 Қар 2022
Жаңалықтар

Мектепішілік олимпиада басталды

Бүгін Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 орта мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі басталды. Олимпиаданың мақсаты оқушылардың жеке дара дайындығын анықтау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін шыңдай отырып, қалалық кезеңге дайындықты нығайту. Мектепішілік олимпиада  134 оқушы 13 пән бойынша бақ сынауда. Мектепішілік пәндік олимпиададан жүлделі І орын алған оқушылар қалалық кезеңге жолдама алып, сабақтан тыс уақытта дайындыққа кірісетін болады. Осындай дәстүрлі мектепішілік іс-шаралар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, түрлі білім сайыстарына қатысуға белсенділіктерін арттыратын болады.