Құрметті әріптестер және әлеуметтік желі қолданушылар!
Сіздерді 1 Қыркүйек - Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
«Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 орта мектепте» 1 - Қыркүйек Білім күніне арналған 1-сынып оқушылары үшін “Білімге ұмтылу ,еңбексүйгіштік және отаншылдық ”-атты салтанатты жиын болып өтті.
Ал 2-11 сыныптары үшін “Білімге ұмтылу ,еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында сынып сағаттары белгіленген уақыт аралықтарында жалғасын тапты!Жаңа оқу жылымыз құтты болсын!Шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!
Барша мұғалімнің осы жолда көздеген кәсіби мақсаттарына жетіп, биік белестерді бағындыруына тілекшіміз. Өңірдің ғана емес ел есімін халықаралық ареналарда асқақтататын білімге, ғылымға құмар шәкірттер көп болсын. Кез келген мәселеде сауатты ойлай білетін ұрпақ тәрбиелеуге бірге атсалысайық!
Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі.