ҚР Білім және ғылым министрлігінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.07.2020 № 305 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.08.2020 № 332 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарына сәйкес, бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата -аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
Өтінішті тек egov.kz арқылы ғана қабылдау жүреді.
- Сайтта өтінім қалдыру үшін ЭЦҚ және баланың құжаттарының электронды нұсқасы қажет болады. (фото, 026, 063 нысандары бойынша құжаттар)
Ата –ананың өтінімі онлайн қбылданғандығы туралы жеке кабинетте жауап келеді. Егер жауап қанағаттырылған болып, бала мектепке қабылданған жағдайда құжаттар (қағаз түрінде) 1 тамыздан бастап мектепке қабылдауды бастайды.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
3х4 көлеміндегі 2 фото. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады