Жалпы білім беретін №2 Ж.Нәжімеденов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы жылдық жоспарына сәйкес 13 – желтоқсан күні «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын жақсы оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. «Жас Ұлан» ұйымына мектебімізден 18 оқушы «Жас Қыран» 11 оқушы қабылданды.
Балалар ұйымы мүшелігіне қосылғаннан кейін қоғам өміріне белсене араласады, өзінің жас ерекшелігіне қарай қоғамдық қозғалыстарға қатысады, өздерін тұлға ретінде таныта алады. Өзінің қабілет - қарымын таразылап, үлкендер өміріне араласуға мүмкіндік алады.
https://sh2-atr.edu.kz/janalyqtar-2-mektep/12147-zhas-lan-biry-aj-balalar-men-zhas-spirimder-jymyny-2021-2022-o-u-zhyly.html#sigFreeIdb56859830f