03 Желт 2021
Жаңалықтар

1 ЖЕЛТОҚСАН–ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

Кемеңгер тұлға, ұлт көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген өлшеусіз еңбегі мен көреген саясатының арқасында еліміз аз уақытта әлемдегі беделді мемлекеттер қатарына қосылды.

Егемен ел болудың күрделі құрылысын басқарып, жаңа да жас мемлекеттің іргесін қалыптастыра білді.

Мереке қарсаңында мектеп оқушылары арасында "ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ", "МЕНІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМ", " ЕЛ ТІРЕГІ-ЕЛБАСЫ" ҰЛТЫ ҰЛЫҚТАҒАН-ҰЛЫ ТҰЛҒА" тақырыптарында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

Мақсаты:

Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру

Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.

Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.