04 Желт 2021
Мәдени шаралар

"Берік отбасы" жобасы өз мәресіне жетті

Жалпы білім беретін #2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектебінде 7 аптаға созылған "Берік отбасы" жобасы өз мәресіне жетті. Бұл жобаға 10-14 жастағы жасөспірім балалар және олардың ата - аналары қатысты. Ата - аналар осы жобаға қатыса отырып 10-14 жас аралығындағы жасөспірімдердің бойында кездесетін қиыншылықтардың алдын алу, баланың бойынан көргісі келетін қасиеттерді дамыта білу, қатал және жұмсақ мінезді ата - аналар әрекетінің нәтижесі туралы, жақсы көре отырып балаға шектеу қоя білуді үйренді. Баланың мақсаты мен арманына қолдау көрсетуге, жасөспірім шақтағы бала бойындағы өзгерістерді түсіне білуге тырысты."Мен" сөзін қолдана отырып, өз сезімдерін көрсете білуді үйренді. "Балаларды жаңа нәрсеге үйрету үшін түрлі мақтау әдістері мен марапаттау тәсілдерін қолдану" практикалық тапсырмаларын орындай білді. Баланың сезіміне көңіл аудара білу және тыңдай білудің құндылығын біле отырып, баламен жақсы қарым - қатынас орната білді. Ал оқушылармен мектеп психологтары етене жұмыс жасады. Оқушылар күйзеліс белгілерін анықтай отырып, күйзеліспен күресу жолдарын іздеді. Қатарластарының қысымына қарсы тұра білуді және нашақорлық пен ішімдік зиянды және қауіпті екенін түсінді. Жобаға белсенді қатысқан барлық ата - аналар мен оқушылар сертификатпен марапатталды.