Ж.Нәжімеденов атындағы №2 орта мектебінде1 қыркүйек күні 2-11 сынып арасында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып бөлмесі тақырыпқа сай көрнеіліктермен безендіріліп, оқушылар Тәуелсіздік туралы өлең жолдарын, әндерін шырқады.
Аталған іс-шараның мақсаты жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстанның тарихи өткені, қазіргі және жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, рух пен моральдық-адамгершілік құндылықтарды нығайту болып табылады. «Тәуелсіздік» - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық.