17 Қар 2021
Тәрбиелік шаралар

Ар мен Адалдықты биік қойған Махамбет

Ар мен Адалдықты биік қойған Махамбет

         №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында  қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында, ақ найзасымен, азаткер асқақ жырымен, қасық қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болған әрі батыр, әрі, ақын Махамбет Өтемісұлына арналған «Ар мен Адалдықты биік қойған Махамбет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты: ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту;

Өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру. Ерлікке, Отанды қастерлеуге шақыру;

Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу. 

Сынып жетекшілер алдымен Махамбет Өтемісұлының өмір жолымен, тарихымен таныстырып, ақынның өлеңдерін оқушыларға оқытып, мазмұнына терең тоқталды. Елдік пен ерліктің өшпеш рухына айналған Исатай мен Махамбеттің достығы, батырлығы оқушыларға жете білді. Тәуелсіз қазақ елінің мәңгілік болашағы тұрғысынан қолға ұстар ұранымыз – Исатай мен Махамбеттің жанкешті батырлық рухы. Қазақ ұлтының ұлтсыздануына жол бермеген ерен ерліктері ұлт есінен мәңгі өшпейді. «Ел намысын ер қорғайды, Ер ерлігін ел қорғайды» деген мақал әрбір қазақ баласына айтылған бойтұмары болуы тиіс.